Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

20 наурыз күні Қазақстан қор биржасында екі облыс әкімдіктері 16,6 млрд теңге тартты

20.03.2026 17:43 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 20.03.26/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық 
жүйесінде жергілікті атқарушы органдар облигацияларының екі 
шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық 
өтті.

Мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері бойынша келесі 
облигациялар орналастырылды:

1) Батыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының 
   KZMJ00003002 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ZKK084_300; 
   1 000 теңге, 8 194 273 000 теңге; 7 жыл; жылдық купон, жылдық 
   19,15 %; 30/360) 8,2 млрд теңгеге;

2) Батыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының 
   KZMJ00003010 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ZKK120_301; 
   1 000 теңге, 2 731 420 000 теңге; 10 жыл; жылдық купон, 19,15 % 
   годовых; 30/360) 2,7 млрд теңгеге;

3) Павлодар облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002988 
   ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, PVK084_298; 1 000 теңге, 
   4 242 418 000 теңге; 7 жыл; жылдық купон, 19,15 % годовых; 30/360) 
   4,2 млрд теңгеге;

4) Павлодар облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002996 
   ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, PVK120_299; 1 000 теңге, 
   1 414 139 000 теңге; 10 жыл; жылдық купон, 19,15 % годовых; 30/360) 
   1,4 млрд теңгеге.

Аталған облигациялар ағынды суларды тазарту құрылыстарының 
кешендерін, жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен 
жүйелерін салу мен жаңғыртуды (реконструкциялау, күрделі жөндеу) 
қаржыландыру мақсатында шығарылды.

[2026-03-20]