Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

26 наурыздан бастап KASE "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00012987 (BTRKb18) облигацияларын KASE_ESGB* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады

26.03.2026 10:38 · KASE индекстер мен индикаторлар индексы серии kase_b* новости kase ·
/KASE, 26.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
26 наурызынан бастап "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ 
KZ2C00012987 (BTRKb18) облигацияларын KASE_ESGB* сериясының 
индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен олардың айналым мерзімінің 
аяқталуына байланысты алып тастады.

2026 жылдың 26 наурызынан бастап KASE_ESGB* сериясы 
индикаторларының өкілдік тізімі 19 атаудағы облигациялардан тұратын 
болады.

KASE_ESGB_CP – ESG-облигациялардың "таза бағалар" индексі, 
жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есептемегендегі бағалар 
бойынша есептеледі, %.

KASE_ESGB_DP – есептелген купондық сыйақыны және қайта 
инвестицияланған купондық төлемді ескере отырып, ESG-облигациялардың 
"таза емес" бағалары бойынша есептелетін индекс, %.

KASE_ESGB_Y – ESG облигацияларының кірістілік индикаторы, %.

Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда-
саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша 
жарияланды http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf

[2026-03-26]