/KASE, 26.03.26/ – "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (KASE тикері –
KMGZ) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚМГ",
"Компания"), Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы тәуелсіз
аудитордың есебімен қоса, 2025 жылға арналған халықаралық қаржы
есептіліктің стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған шоғырландырылған
қаржы есебін жариялады.
2024 жылмен салыстырғанда 2025 жылғы негізгі қаржылық
көрсеткіштер:
- үсім 8 330 млрд теңгемен (17 750 млн АҚШ доллары) салыстырғанда
9 371 млрд теңгені (17 977 млн АҚШ доллары) құрады;
- EBITDA көрсеткіші 2 001 млрд теңгемен (4 264 млн АҚШ доллары)
салыстырғанда 2 393 млрд теңгені (4 591 млн АҚШ доллары) құрады;
- Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың
пайдасындағы үлесін қоса алғанда, Компанияның таза пайдасы
1 094 млрд теңгемен (2 332 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 1 072
млрд теңгені (2 056 млн АҚШ доллары) құрады;
- Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың
пайдасындағы үлесіне түзетілген таза пайда2 1 264 млрд теңгемен
(2 694 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 1 277 млрд теңгені (2 449 млн
АҚШ доллары) құрады;
- Бос ақша ағымы 1 199 млрд теңгемен (2 555 млн АҚШ доллары)
салыстырғанда 1 233 млрд теңгені (2 365 млн АҚШ доллары) құрады;
- Жалпы қарыз 2024 жылғы 31 желтоқсандағы 3 967 млрд теңге (7 555 млн
АҚШ доллары) мөлшеріндегі көрсеткішпен салыстырғанда 2025 жылғы
31 желтоқсандағы 3 522 млрд теңгені (6 967 млн АҚШ доллары) құрады;
- Компанияның таза қарызы 2024 жылғы 31 желтоқсандағы 1 163 млрд
теңге (2 214 млн АҚШ доллары) көрсеткішімен салыстырғанда 2025
жылғы 31 желтоқсандағы 375 млрд теңгені (742 млн АҚШ доллары)
құрады.
* Қолайлы болу үшін сомалар тиісті кезеңдегі орташа айырбас бағамы
бойынша АҚШ долларында көрсетілген (2025 және 2024 жылдардағы орташа
бағамдар сәйкесінше 521,31 және 469,31 теңге/АҚШ долл. құрайды; кезең
соңындағы бағамдар – 2025 жылғы 31 желтоқсанда және 2024 жылғы
31 желтоқсанда сәйкесінше 505,53 және 525,11 теңге/АҚШ долл. құрайды).
** Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы
үлеске түзетілген таза пайда = Таза пайда + бірлескен кәсіпорындар мен
қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер минус бірлескен
кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлес.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_260326_2_kaz.pdf
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_260326_1.pdf
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs__260326_eng.pdf
[2026-03-26]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.