Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

KASE 2026 жылдың сәуір айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші класындағы бағалы қағаздардың тізімін қалыптастырды

30.03.2026 16:58 · KASE инструменты списки ликвидных, неликвидных акций новости kase ·
/KASE, 30.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың 
өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына 
сәйкес KASE-ге айналымға жіберілгендер қатарынан 2026 жылдың сәуіріне 
өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші класындағы инвестициялық 
қорларының акцияларының, депозитарлық қолхаттарының және бағалы 
қағаздарының тізімдерін (бұдан әрі – бағалы қағаздардың тізімдері) 
қалыптастырды.

Бағалы қағаздардың тізімдері индекстер мен индикаторлар жөніндегі 
комитеттің 2026 жылдың 26 наурызындағы шешімімен бекітілді және ондағы 
бағалы қағаздарға KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану 
мақсатында қалыптастырылды.

2026 жылдың 01-30 сәуірі аралығында қолданылатын өтімділіктің бірінші 
класындағы бағалы қағаздар тізіміне 81 атаудағы бағалы қағаздар 
енгізілген. 2026 жылдың наурызында құрылған өтімділіктің бірінші класты 
бағалы қағаздарының қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге 
мыналар кірді:

1) базалық активі D-MARKET Elektronik Hizmetler ve Ticaret Anonim Sirketi 
   (Hepsiburada) жай акциялары болып табылатын US23292B1044 (сектор 
   "KASE Global", HEPSd) американдық депозитарлық қолхаттар;

2) Occidental Petroleum Corp. US6745991058 ("KASE Global" секторы, 
   OXY_KZ) жай акциялары;

3) базалық активі Alibaba Group Holding Ltd жай акциялар болып 
   табылатын, US01609W1027 ("KASE Global" секторы, BABAd) 
   американдық депозитарлық қолхаттар;

4) US0090632078, US0090631088 ("туынды бағалы қағаздар" секторы, 
   AIRAd), базалық активі "Эйр Астана" АҚ KZ1C00004050 (KASE негізгі 
   алаңы,"премиум" санаты, AIRA) жаһандық депозитарлық қолхаттар;

5) Exxon Mobil Corporation US30231G1022 (сектор "KASE Global", 
   XOM_KZ) жай акциялары;

6) "Фридом Финанс" АҚ басқаруындағы "GoodWill KZT" интервалдық 
   инвестициялық пай қоры (ИИПҚ) KZPF00000090 ("инвестициялық 
   қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FFINgw) пайлары.

2026 жылдың наурызына құрылған өтімділіктің бірінші класының тізімінен 
мыналар шығарылды:

1) "Teniz Capital Investment Banking"АҚ KZ1C00000256 (KASE баламалы 
   алаңы, "акциялар" секторы, IFDR) жай акциялары;

2) "Банк ЦентрКредит"АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ 
   басқаруындағы "Wardat al hayat" ИИПҚ KZPF00000900 
   (("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, BCCIwah) 
   пайлары.

2026 жылдың сәуіріне арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші 
кластарының бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-ресурсында 
мына сілтеме бойынша жарияланды 
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2026_apr.pdf

2026 жылдың наурызына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші 
кластарының бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-ресурсында 
мына сілтеме бойынша жарияланды 
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2026_mar.pdf

Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына 
сілтеме бойынша жарияланды 
http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf

[2026-03-30]