Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

31 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасы KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "Қазақстаннық орнықтылық қоры" АҚ-ның KZ2C00009462 (KFUSb54) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады

31.03.2026 16:10 · KASE индекстер мен индикаторлар индексы серии kase_b* новости kase ·
/KASE, 31.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
31 наурызынан бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар 
нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM* 
сериясы) "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00009462 (KFUSb54) 
облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты 
алып тастады (31 наурыз – өтеу кезінде тіркелген күні).

2026 жылдың 31 наурыздан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының 
өкілдік тізімі 83 атаудағы облигациялардан тұратын болады.

KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.

KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке 
алмағанда бағалар("таза" бағалар бойынша) бойынша есептелетін 
корпоративтік облигациялар бағасының индексі.

Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда-
саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында сілтеме бойынша жарияланды 
http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf

[2026-03-31]