01 сәуірден бастап KASE қор нарығының жаңа индекстерін есептеуді және жариялауды бастайды
31.03.2026 17:15·KASEиндекстер мен индикаторлариндексы серии kase_b*новости kase·
/KASE, 31.03.26/ – 2026 жылдың 01 сәуірінен бастап Қазақстан қор биржасы
(KASE) қор нарығының мынадай индекстерін есептеуді және жариялауды
бастайды:
1) халықаралық рейтингтік агенттіктер берген BBB- деңгейіненен төмен
емес кредиттік рейтингі бар, теңгемен номинацияланған корпоративтік
облигациялар нарығының индекстері (KASE_KZ3BUP* сериясының
индекстері):
- KASE_KZ3_CP – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны
есепке алмағанда бағалар бойынша есептелетін облигациялардың
"таза" бағаларының индексі;
- KASE_KZ3_TR – есептелген купондық сыйақыны және қайта
инвестицияланған купондық төлемді ескере отырып, бағалар
бойынша есептелетін облигациялардың жиынтық табысының
индексі;
- KASE_KZ3_Y – кірістілік индикаторы, жылдық пайызбен;
- KASE_KZ3_DUR – индекстің дюрациясы, жылдармен;
2) халықаралық рейтингтік агенттіктер берген BBB- деңгейінен төмен емес
кредиттік рейтингі бар, АҚШ долларымен номиналданған корпоративтік
облигациялар нарығының индекстері (KASE_US3BUP* сериясының
индекстері):
- KASE_US3_CP – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны
есепке алмағандағы бағалар бойынша есептелетін
облигациялардың "таза" бағаларының индексі;
- KASE_US3_TR – есептелген купондық сыйақыны және қайта
инвестицияланған купондық төлемді ескере отырып, бағалар
бойынша есептелетін облигациялардың жиынтық табысының
индексі;
- KASE_US3_Y – кірістілік индикаторы, жылдық пайызбен;
- KASE_US3_DUR – индекстің дюрациясы, жылдармен.
Аталған индекстерді есептеуді іске қосу жоғары кредиттік рейтингі бар
корпоративтік облигациялар нарығына қызығушылықты қолдауға және
дамытуға бағытталған.
KASE_KZ3BUP* және KASE_US3BUP* серияларының индекстерін есептеу
формулалары борыштық құралдар үшін стандартты тәсілді қолдана
отырып, KASE корпоративтік облигацияларының индекстерін есептеудің
қолданыстағы әдіснамасына негізделген. Индекстер мен индикаторларды
есептеу үшін облигациялардың бағасы ретінде сауда-саттық жүйесінде
жасалған мәмілелер бойынша бір облигацияның орташа сараланған бағасы
пайдаланылады. Облигациялармен жасалған мәмілелер болмаған
жағдайда облигацияларды сатып алуға арналған өтінімдердің максималды
бағасы мен оларды сатуға өтінімдердің минималды бағасы арасындағы
орташа арифметикалық шама пайдаланылатын болады.
KASE_KZ3_CP және KASE_US3_CP индекстерінің бастапқы мәні
100,00 тармақ деңгейінде, KASE_KZ3_TR және KASE_US3_TR индекстерінің
бастапқы мәні жинақталған купондық сыйақының орташа мәнін (пайызбен)
қоса отырып, 100,00 тармақ деңгейінде тіркелген.
Индекстердің мәндері жұмыс күндері Астана қаласы уақытының 17:30-да
күніне бір рет есептеледі және KASE интернет-ресурсында "Индекстер-Қор
нарығы-Корпоративтік облигациялар" бөлімінде жарияланады –
https://kase.kz/ru/indexes-and-indicators/bonds/kase-kz3-cp
"Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесі" атты
KASE ішкі құжатына тиісті түзетулер енгізілді, олар 2026 жылдың
01 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі.
[2026-03-31]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.