Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

01 сәуірден бастап KASE_US3BUP* сериялы индекстердің өкілдік тізімі 13 атаудағы облигациялардан тұрады

31.03.2026 17:27 · KASE индекстер мен индикаторлар индексы серии kase_b* новости kase ·
/KASE, 31.03.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Индекстер мен 
индикаторлары жөніндегі комитеті Қор нарығының индекстері мен 
индикаторларын есептеу әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес 
2026 жылдың 01 сәуірінен бастап KASE_US3BUP* сериясының индекстерін 
есептеу үшін келесі өкілдік тізімді анықтады:

1) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ XS2337670694 (BRKZe12);

2) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ XS2800066297 (BRKZe14);

3) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ XS2917067204 (BRKZe16);

4) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ XS3032932645 (BRKZe18);

5) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ XS3204113354 (BRKZe22);

6) "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ XS3067899610 (BTRKe1);

7) "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ XS3189694345 (BTRKe2);

8) "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ XS1595713782 (KMGZe11);

9) "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ XS1595714087 (KMGZe12) АО ;

10) "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ XS1807300105 (KMGZe14) АО ;

11) "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ XS1807299331 (KMGZe15) АО ;

12) "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ XS2242422397 (KMGZe16) АО ;

13) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ XS2399149694 (SKKZe1).

Аталған облигациялар Әдістеменің барлық талаптарына сәйкес келеді.

Әдістемеге сәйкес үш айда бір рет KASE АҚШ долларымен номиналданған, 
BBB- деңгейінен төмен емес халықаралық кредиттік рейтингі бар 
корпоративтік облигациялардың индекстері мен индикаторларын есептеу 
үшін өкілдік тізімдерді қайта қарайды.

Көрсетілген облигациялардан KASE_US3BUP* индексінің сериясы 
мыналарды қамтиды:

- KASE_US3_CP – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны 
  есепке алмағандағы бағалар бойынша есептелетін облигациялардың 
  "таза" бағаларының индексі;

- KASE_US3_TR – есептелген купондық сыйақыны және қайта 
  инвестицияланған купондық төлемді ескере отырып, бағалар бойынша 
  есептелетін облигациялардың жиынтық табысының индексі;

- KASE_US3_Y – кірістілік индикаторы, жылдық пайызбен;

- индекстің дюрациясы, жылдармен.

Индекстердің мәндері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша 
жарияланады https://kase.kz/ru/indexes-and-indicators/bonds/kase-us3-cp

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша 
қолжетімді https://kase.kz/ru/information/rules ("Әдістемелер" қалташасы).

[2026-03-31]