Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

31 наурыздан бастап "Скулбас" ЖШС KZ2P00017577 (SCLBb3) облигациялары баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

31.03.2026 18:27 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 31.03.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік 
комиссиясы 2026 жылдың 31 наурызында Скулбас" ЖШС (Астана) 
KZ2P00017577 (SCLBb3; $100, $10,0 млн; 3 жыл; тоқсандық купон, 
облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу 
қорытындысы бойынша анықталатын болады; 30/360) облигациялардың 
баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне 
енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 31 наурызынан бастап 
күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы 
қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларды шығару 2026 жылдың 26 ақпанында $20,0 млн 
сомасына тіркелген, "Скулбас" ЖШС екінші облигациялық бағдарламасы 
шегінде бірінші болып табылады.

"Скулбас" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Alatau City Invest" АҚ болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/SCLBb3

[2026-03-31]