Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

KASE өзінің интернет-ресурсында Freedom Holding Corp. компаниясының наурыз айына Қазақстанның өңдеуші салаларының PMI шолуын жариялады

01.04.2026 15:28 · KASE корпоративтік оқиғалар пресс-релизы новости эмитентов ·
/KASE, 01.04.26/ – Freedom Holding Corp. Қазақстан қор биржасына (KASE) 
2026 жылдың наурызда Қазақстанның өңдеуші салаларының іскерлік 
белсенділік индексіне (PMI) шолу ұсынды.

Төменде Freedom Holding Operations ЖШС Экономикалық зерттеулер және 
талдау жетекшісі Салтанат Мұхамбеталиеваның пікірі келтірілген:

"Наурыз айындағы PMI деректері Қазақстандағы өндірушілердің жыл 
басында сұраныстың бәсең болуына байланысты операцияларын 
айтарлықтай қысқартқанын көрсетті. Әсіресе өндіріс көлемі, жұмыспен қамту 
және сатып алу белсенділігі күрт төмендегені айқын байқалды. Соған 
қарамастан, жаңа тапсырыс санының азаюы ақпанға қарағанда айтарлықтай 
емес және қалыпты деңгейде болды. Бұл сұраныс артатын күн алыс емес 
деген үміттің оянуына, фирмалар жұмысын қайта жандандырып, қуатын 
арттыруға жетеледі.

Сауалнаманың баға индекстері жыл басында байқалған айтарлықтай 
өсімнен кейін инфляциялық қысымның бәсеңдеп келе жатқанын көрсетіп 
отырғаны қуантады. Фирмалар әлі де қаңтардағы ҚҚС өсімінің әсерін сезініп 
отырса да, алдағы айларда бұл әсерлер біртіндеп жойылады деген үміт басым".

Қазақ тіліндегі шолу – 
https://kase.kz/uploads/KZ_Manufacturing_KAZ_2603_PR_db0ca56d80.pdf

Орыс тіліндегі шолу – 
https://kase.kz/uploads/KZ_Manufacturing_RUS_2603_PR_e06f119024.pdf

Ағылшын тіліндегі шолу – 
https://kase.kz/uploads/KZ_Manufacturing_ENG_2603_PR_b5ac2f5421.pdf

[2026-04-01]