Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

KASE өзінің интернет-ресурсында Freedom Holding Corp. ұсынған наурыз айындағы Қазақстанның қызмет көрсету саласының PMI шолуын жариялады

03.04.2026 14:44 · KASE корпоративтік оқиғалар пресс-релизы новости эмитентов ·
/KASE, 03.04.26/ – Freedom Holding Corp. Қазақстан қор биржасына (KASE) 
2026 жылдың наурыз айындағы Қазақстанның қызмет көрсету саласының 
іскерлік белсенділік индексіне (PMI) шолу ұсынды.

Төменде Freedom Holding Operations ЖШС Экономикалық зерттеулер және 
талдау жетекшісі Салтанат Мұхамбеталиеваның пікірі келтірілген:

"Наурыз айында Қазақстанның қызмет көрсету саласы бірқалыпты қалпына 
келу қарқынын көрсетті: іскерлік белсенділік индексі ақпандағы 48,0 
көрсеткіштен 49,2 тармаққа дейін көтеріліп, бейтарап деңгейге жақындады. 
Сектор шығындардың өсуі мен баяу сұраныстың бірлескен қысымына 
бейімделуде. Ресурстар бағасының өсу қарқынының 2025 жылдың 
соңындағы деңгейлерге дейін бәсеңдеуі және жаңа тапсырыстардың қайта 
өсімге өткені оң сигнал болды. Бұл ретте, шектеулі сұраныс соңғы 
айлардағы тұтынушылық кредит беру қарқынының төмендеуін көрсететін 
ресми статистикалық мәліметтермен сәйкес келеді. Дегенмен, өңдеу 
өнеркәсібіндегі құлдырау аясында қызмет көрсету саласы бірінші тоқсанда 
экономиканың тұрақтандырушы факторы ретінде сақталуда. Алдағы жылға 
арналған іскерлік күтімдер байсалды оптимизм аясында жақсарып келеді, 
бірақ әлі де ұзақ мерзімді орташа деңгейден төмен".

Қазақ тіліндегі шолу – 
https://kase.kz/uploads/KZ_Services_KAZ_2603_PR_983750e244.pdf

Орыс тіліндегі шолу – 
https://kase.kz/uploads/KZ_Services_RUS_2603_PR_2008ba16c8.pdf

Ағылшын тіліндегі шолу – 
https://kase.kz/uploads/KZ_Services_ENG_2603_PR_a4e0528c14.pdf

[2026-04-03]