Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

06 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында "Halyk-өтімді" ИИПҚ KZPF00000538 (HFINhl) пайларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

03.04.2026 16:17 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 03.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 06 сәуірінен 
бастап "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы "Halyk-өтімді" интервалдық 
инвестициялық пай қорының (ИИПҚ) KZPF00000538 ("инвестициялық 
қорлардың бағалы қағаздары" секторы, HFINhl) пайларымен KASE-дегі 
сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі 
құжатының 13 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес "Halyk 
Finance" АҚ қордың жұмыс істеуін тоқтату үшін негіздеменің басталғаны 
туралы хабарламасының негізінде тоқтатылды.

Бұған дейін KASE ""Halyk Finance" АҚ "Halyk – Өтімді" ИИПҚ жұмыс істеуін 
тоқтату үшін негіздеменің басталғаны туралы хабарлайды" тақырыбындағы 
жаңалығы жарияланған болатын – 
\https://kase.kz/ru/information/news/show/1563550

[2026-04-03]