Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

06 сәуірден бастап KASE шетел валюталары нарығында жаңа құралдармен сауда-саттықты бастайды

06.04.2026 09:25 · KASE инструменты новые инструменты рынка иностранных валют, свопов новости kase ·
/KASE, 06.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 06 сәуірінен 
бастап KASE валюта нарығында келесі жаңа құралдармен сауда-саттық 
ашылғанын хабарлайды:

- AED/KZT валюталық жұбы бойынша – есеп айырысуы теңгемен араб 
  дирхамдары бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімдері
   Т+0 (AEDKZT_TOD), Т+1 (AEDKZT_TOM) және Т+2 (AEDKZT_SPT);

- USD/AED валюталық жұбы бойынша – есеп айырысуы АҚШ 
  долларымен араб дирхамдары бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру 
  мерзімдері Т+0 (USDAED_TOD), Т+1 (USDAED_TOM) және Т+2 
  (USDAED_SPT);

- AED/KZT (AEDKZT_0_001, AEDKZT_0_002 және AEDKZT_1_001) және 
  USD/AED (USDAED_0_001, USDAED_0_002 және USDAED_1_001) 
  валюталық жұптарына қатысты шетел валютасымен операциялар.

AEDKZT_TOD және USDAED_TOD қаржы құралдарымен сауда-саттық 
Астана қ. уақытымен 10:15-тен 12:30-ға дейін өткізілетін болады.

AEDKZT_TOM, AEDKZT_SPT, USDAED_TOM және USDAED_SPT қаржы 
құралдарымен сауда-саттық Астана қ. уақытымен 10:15-тен 17:00-ға дейін 
өткізілетін болады.

Торги инструментами AEDKZT_0_001, AEDKZT_0_002, USDAED_0_001 
және USDAED_0_002 TOD қаржы құралдарымен сауда-саттық Астана қ. 
уақытымен 10:15-тен 12:30-ға дейін, AEDKZT_1_001 және USDAED_1_001 –
Астана қ. уақытымен 10:15-тен 17:00-ға дейін өткізілетін болады.

2026 жылдың 06 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі:

- Сауда-саттық тәртіптемелері және валюта нарығындағы операциялар 
  туралы қағидаға № 5 өзгертулер;

- Сауда-саттық регламенті және бақылау және қамтамасыз ету жүйесінің 
  жұмысына № 23 өзгертулер;

- Валюталық своп операциялары мен шетел валютасымен жасалатын 
  операциялардың маманданымына № 3 өзгертулер мен толықтырулар.

Құжаттардың жаңартылған мәтіндері KASE интернет-ресурсында мына 
сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/information/rules ("Сауда-
саттық" қалташасы).

Сауда-саттық және клиринг регламенті мына сілтеме бойынша жарияланды 
https://kase.kz/ru/reglament/

[2026-04-06]