Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

06 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында 2026 жылдың мамырында және 2027 жылдың наурызында орындалатын фьючерстермен сауда саттық ашылады

06.04.2026 10:51 · KASE инструменты новости kase фьючерсы (открытие, закрытие) ·
/KASE, 06.04.26/ – 2026 жылдың 06 сәуірінен бастап KASE Қазақстандық қор 
биржасында келесі жеткізілімсіз фьючерстермен сауда саттық ашылады:

1) "Қазақстан Халық Банкі" АҚ жай акцияларына, коды – HSBK-3.27, 
   айналымның соңғы күні – 2027 жылдың 18 наурызы;

2) "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" АҚ жай акцияларына, 
   коды – KZAP-3.27, айналымның соңғы күні – 2027 жылдың 18 наурызы;

3) KASE индексіне, коды – KX-3.27, айналымның соңғы күні – 2027 
   жылдың 18 наурызы;

4) АҚШ долларының теңгеге бағамына, коды – US-3.27, айналымның 
   соңғы күні – 2027 жылдың 18 наурызы;

5) Ресей рублінің теңгеге бағамына, коды – RU-5.26, айналымның соңғы 
   күні – 21 мая 2026 года;

6) Ресей рублінің теңгеге бағамына, коды – RU-3.27, айналымның соңғы 
   күні – 2027 жылдың 18 наурызы.

KASE қазіргі уақытта туынды қаржы құралдарымен сауда-саттық KASE-де 
жұмыс күндері Астана қ. уақытымен 10:00-ден 17:30-ға дейін, осы сауда-
саттық бойынша клирингілік сессия – Астана қ. уақытымен 20:30-дан 21:00-
ге дейін өткізілетінін еске салады.

Туынды қаржы құралдарымен биржалық сауда-саттыққа KASE 
деривативтер нарығының клирингілік қатысушылары қатыса алады, 
олардың тізімі KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша 
жарияланған https://kase.kz/ru/members/membership/all

KASE-дегі фьючерстердің сауда-саттық нәтижелері мына сілтемелер 
бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/markets/shares-futures 
және https://kase.kz/ru/markets/foreign-currency-futures

KASE деривативтер нарығының жұмыс істеу тәртібін реттейтін ішкі құжаттар 
мына сілтеме бойынша жарияланды http://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Сауда-
саттық" – "Деривативтер" қалташасы).

[2026-04-06]