Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

07 сәуірден бастап "Lender "Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00017353 (MFLNb2) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатын болады

06.04.2026 17:33 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 06.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 07 сәуірінен 
бастап "Lender "Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00017353 (KASE баламалы 
алаңы, "облигациялар" санаты, MFLNb2; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 
01.04.26 – 01.04.28; ай сайынғы купон, жылдық 23,00%; 30/360) 
облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне 
ауыстырылатынын туралы хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу 
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының 
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – 
қазақстандық теңге.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFLNb2

[2026-04-06]