Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

07 сәуірден бастап "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелеріне және олардың шоттарына, сауда-саттық жүйелерін пайдаланушыларға, бағалы қағаздар эмитенттеріне және қаржы құралдарына кодтар беру тәртібі туралы нұсқаулыққа түзетулер қолданысқа енгізілді

08.04.2026 11:06 · KASE нормативная база поправки в документы новости kase ·
/KASE, 08.04.26/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) 
2026 жылдың 07 сәуіріндегі шешімімен "Қазақстан қор биржасы" АҚ 
мүшелеріне және олардың шоттарына, сауда-саттық жүйелерін 
пайдаланушыларға, бағалы қағаздар эмитенттеріне және қаржы 
құралдарына кодтар беру тәртібі туралы нұсқаулық" (Нұсқаулық) KASE ішкі 
құжатына енгізілген № 17 өзгерістер мен толықтырулар (түзетулер) бекітіліп, 
2026 жылдың 07 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Түзетулермен қазақстандық эмитенттердің ETF бағалы қағаздарына кодтар 
беру тәртібі анықталған.

Нұсқаулықтың жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына 
сілтеме бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/information/rules 
("Сауда-саттық" – "сауда-саттық жүйесі" қалташасы).

[2026-04-08]