Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

KASE 13 сәуірден бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "Fincraft Group" ЖШС KZ2P00009178 (NCOMb3) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады

13.04.2026 11:43 · KASE индекстер мен индикаторлар индексы серии kase_b* новости kase ·
/KASE, 13.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 13 сәуірінен 
бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының 
индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM* сериясы) "Fincraft 
Group" ЖШС KZ2P00009178 (NCOMb3) облигацияларын олардың айналым 
мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады.

2026 жылдың 13 сәуірінен бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының 
өкілдік тізімі 81 атаудағы облигациялардан тұратын болады.

KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.

KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке 
алмағандағы бағалар бойынша есептелетін корпоративтік облигациялар 
бағасының индексі ("таза" бағалар бойынша).

Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда-
саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша 
жарияланды http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf

[2026-04-13]