Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

14 сәуірден бастап АҚШ Қаржы министрлігінің US912828V491 (US108_2701) халықаралық облигацияларымен KASE-дегі сауда-саттық тоқтатыла тұрады

13.04.2026 15:23 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 13.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 14 сәуірiнен 
бастап есептесу күні 2026 жылдың 14 шiлдесiне және одан кейінгі күндерге 
келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде репо 
операциялары бойынша АҚШ Қаржы министрлігінің US912828V491 
("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US108_2701) халықаралық 
облигацияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла туратынын 
хабарлайды.

Аталған облигациялар бойынша KASE-дегі сауда-саттық 2026 жылғы 16 
шiлдесiнен бастап қайта басталады.

Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" KASE ішкі 
құжатының 13-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 
көрсетілген облигациялар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша 
тізілімді бекіту туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

[2026-04-13]