Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

Қазақстан қор биржасында 07 сәуірде Астана қаласының әкімдігі 2,5 млрд теңге тартты

13.04.2026 17:32 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 13.04.26/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық 
жүйесінде Астана қаласының жергілікті атқарушы органы 
облигацияларының екі шығарылымын орналастыру бойынша 
мамандандырылған сауда-саттық өтті.

Мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері бойынша келесі 
облигациялар орналастырылды:

1) KZZJ00000193 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ASK120_019; 
   1 000 теңге, 618 390 000 теңге; 13.04.26 – 13.04.36; жылдық купон, 
   жылдық 19,15 %; 30/360) 0,6 млрд теңгеге;

2) KZZJ00000201 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ASK060_020; 
   1 000 теңге, 1 855 172 000 теңге; 13.04.26 – 13.04.31; жарты жылдық 
   купон, жылдық 19,15 %; 30/360) 1,9 млрд теңгеге.

Аталған облигациялар ағынды суларды тазарту құрылыстарының 
кешендерін, жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен 
жүйелерін салу мен жаңғыртуды (реконструкциялау, күрделі жөндеу) 
қаржыландыру мақсатында шығарылды.

[2026-04-13]