Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

07 сәуірден бастап Клирингілік қатысу сертификаттарын шығару, орналастыру, айналымға жіберу және өтеу жөніндегі нұсқаулыққа түзетулер қолданысқа енгізілді

13.04.2026 16:37 · KASE новости kacc документы новости клирингового центра ·
/KACC, 13.04.26/ – KASE Клиринг орталығы (KACC, Клирингілік орталық) 
Басқармасының 2026 жылдың 07 сәуіріндегі шешімімен 2026 жылдың 
07 сәуірінен бастап қолданысқа енгізілген "Клирингілік қатысу 
сертификаттарын шығару, орналастыру, айналымға жіберу және өтеу 
жөніндегі нұсқаулық" (Нұсқаулық) атты KACC ішкі құжатына № 1 өзгертулер 
мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді.

Түзетулер мүліктік пулды қалыптастыру шарттарын бекіту кезінде 
Клирингілік орталық Басқармасының шешімі бойынша Клирингілік қатысу 
сертификатын (КҚС) шығару валютасын белгілеуді көздейді.

Нұсқаулықтың жаңартылған мәтіні мына сілтеме бойынша KACC интернет-
ресурсында жарияланады https://kacc.kz/ru/kacc-rules ("Клиринг" 
қалташасы).

[2026-04-13]