Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

22 сәуір күні Қазақстан қор биржасында "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы"АҚ XS3353982385 (TMJLe8) халықаралық облигацияларына жазылым жүргізіледі

21.04.2026 20:07 · KASE торговая информация подписка новости kase ·
/KASE, 21.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
22 сәуірінде KASE сауда-саттық жүйесінде "Қазақстан темір жолы" ұлттық 
компаниясы"АҚ XS3353982385 халықаралық облигацияларын, төменде 
келтірілген шарттарда (Астана қ. уақыты) жазылу арқылы, бастапқы 
орналастыру жүргізілетінін хабарлайды.

Көрсетілген облигацияларға жазылудың бастамашысы "Teniz Capital 
Investment Banking" АҚ болып табылады.

---------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі:                     халықаралық облигациялар
ISIN:                                        XS3353982385            
KASE сауда-саттық коды:                      TMJLe8                  
Айналым мерзімі, жыл                         10                      
-------------------------------------------- ------------------------
Жазылым күні:                                22.04.25                
Бір облигацияның бағасы, АҚШ доллары:        200 000 минималды лот,  
                                             минималды лоттан 1 000  
                                             жоғары                  
Сатып алуға өтінім түрі:                     шектелімді және нарықтық
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                 12:30–18:00             
Өтінімдерді растау уақыты:                   18:00–18:30             
Мәмілелер жасалған күн мен уақыт:            29.04.26                
Есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен уақыты: 29.04.26                
---------------------------------------------------------------------
"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ бірлескен жергілікті 
андеррайтерлері "Teniz Capital Investment Banking" АҚ және 
Freedom Finance Global PLC болып табылады.

Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды 
сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай 
мәліметтер кіреді:

1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды 
   тұлғаның атауы;

2) жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН;

3) заңнамаға сәйкес заңды тұлғаны заңды тұлға ретінде тіркеу жүзеге 
   асырылған жеке тұлғаның азаматтығы немесе мемлекет.

Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санатындағы KASE мүшелері 
арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі мына 
сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/ru/members/membership/all

Есептерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады.

Бағалы қағаздарға жазылу ережелері мына сілтеме бойынша жарияланды 
https://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf

[2026-04-21]