Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

"Teniz Capital Investment Banking" АҚ 2025 жылдағы қызметтің қаржылық нәтижелерін және жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы хабарлайды

28.04.2026 11:05 · KASE корпоративтік оқиғалар пресс-релизы новости эмитентов ·
/KASE, 28.04.26/ – "Teniz Capital Investment Banking" АҚ (KASE тикері – 
TCIB) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

"Teniz Capital Investment Banking" АҚ (бұдан әрі – Қоғам) "Эрнст энд 
Янг" ЖШС тәуелсіз аудиторының қорытындысымен бірге, 2025 жылға 
арналған қаржы есептілігіне сәйкес, 2025 жылғы қызметтің қаржы 
нәтижелерін ұсынады, сондай-ақ 2025 жыл үшін дивидендтер төлеуге 
қатысты акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімі туралы 
хабарлайды.

2025 жылғы қызметтің негізгі қаржы көрсеткіштері:

- таза пайда 1 403 млн теңге құрады (2024 жыл: 1 417 млн теңге);

- коэффициент рентабельности жеке капитал (ROE) рентабельділігінің 
  коэффициенті 24,0% құрады (2024 жыл: 32,4%);

- комиссиялық кірістер 2 416 млн теңге құрады, ол өткен жылмен 
  салыстырғанда 30%-ға артты (1 828 млн);

- 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жеке капитал 5 852 млн 
  теңге құрады, ол алынған пайда, сондай-ақ Қоғамды 369 млн. теңге 
  мөлшерінде қосымша капиталдандыру есебінен, 2024 жылдың 31 
  желтоқсанымен салыстыру бойынша 1 473 млн теңгеге артты (+34%).

2025 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім:

27 сәуірде акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізілді, оның 
шеңберінде соның ішінде мыналар шешілді:

- 2025 жыл үшін аудиттелген қаржы есептілігі бекітілсін;

- 1 акция үшін 471 теңге мөлшерінде 2025 жыл үшін қарапайым акциялар 
  бойынша дивидендтер төленсін және дивидендтер төлеуге арналған 
  акционерлер тізілімін бекіту күні белгіленсін – 2026 жылғы 28 сәуір, 
  23:59:59.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/TCIB/tcib_relizs_270426_312.pdf

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/TCIB/tcib_relizs_270426_311.pdf

[2026-04-28]