Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

29 сәуірден бастап "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ XS3353982112 (TMJLe7) және XS3353982385 (TMJLE8) халықаралық облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

29.04.2026 18:39 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 29.04.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 
2026 жылдың 20 сәуірінде "Қазақстан темір жолы" ұлттық 
компаниясы" АҚ (Астана) келесі халықаралық облигацияларын негізгі 
алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу 
туралы шешім қабылдады:

- XS3353982112, US48669DAC65 (TMJLe7; $500,0 млн; 29.04.26 – 29.04.31; 
  жарты жылдық купон, жылдық 4,875%; 30/360);

- XS3353982385, US48669DAD49 (TMJLe8; $500,0 млн; 29.04.26 – 29.04.36; 
  жарты жылдық купон, жылдық 5,250%; 30/360).

Басқарманың бұл шешімі 2026 жылдың 29 сәуірінен бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы 
қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат 
мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/listing/issuers/TMJL

[2026-04-29]