Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

30 сәуірден бастап KASE KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "таза емес" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауысуына байланысты" Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00014033 (BTRKb25) облигацияларын алып тастады

30.04.2026 10:15 · KASE индекстер мен индикаторлар индексы серии kase_b* новости kase ·
/KASE, 30.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 30 сәуірінен 
бастап "таза емес" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауысуына 
байланысты "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00014033 
(BTRKb25) облигацияларын негізгі алаңның корпоративтік облигациялар 
нарығының индикаторларын (KASE_BM* сериясы) есептеу үшін өкілдік 
тізімнен алып тастады.

2026 жылдың 30 сәуірінен бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының 
өкілдік тізімі 79 атаудағы облигациялардан тұратын болады.

KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.

KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке 
алмағандағы бағалар бойынша ("таза" бағалар бойынша) есептелетін 
корпоративтік облигациялар бағасының индексі.

Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда-
саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша 
жарияланды http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf

[2026-04-30]