Анонс: 18 мамырда "Қазақстан Халық Банкі" АҚ 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы қаржылық нәтижелерді жариялау бойынша конференциясы өтеді
/KASE, 30.04.26/ – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (KASE тикері – HSBK) былай деп хабарлады: дәйексөздің басы 2026 жылғы 18 мамырда, дүйсенбі күні Лондон уақыты бойынша сағат 15:00-де /Алматы уақыты бойынша сағат 19:00-де Halyk Bank (Лондон қор биржасындағы тикері: HSBK; Қазақстан қор биржасындағы тикерлері: HSBK, HSBKd; Astana International Exchange биржасындағы тикерлері: HSBK, HSBK.Y) 2026 жылғы 1 тоқсаны бойынша аудиттелмеген шоғырландырылған қаржылық нәтижелерді жариялау бойынша Банктің топ-менеджментінің қатысуымен аналитиктер мен инвесторлар үшін Zoom платформасында конференция өткізеді. 2026 жылғы 1 тоқсаны аудиттелмеген шоғырландырылған қаржылық нәтижелер 2026 жылғы 18 мамырда жарияланады. Презентацияның онлайн трансляциясына тіркелгеннен кейін Zoom сілтемесі арқылы қосылуға болады. дәйексөздің соңы Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/HSBK/6765-1q-2026-call-kaz.pdf Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs_300426_ru.pdf Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/HSBK/3225-1q-2026-call-eng.pdf [2026-04-30]