Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

"Teniz Capital Investment Banking" АҚ 30 сәуірде Black Sea Trade and Development Bank (BSTDB) халықаралық қаржы институтының тұсаукесерін онлайн-трансляциялау туралы хабарлайды

30.04.2026 12:09 · KASE корпоративтік оқиғалар пресс-релизы новости эмитентов ·
/KASE, 30.04.26/ – "Teniz Capital Investment Banking" АҚ (KASE тикері – 
TCIB) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

Бүгін сағат 17:00-де Teniz Capital Investment Banking компаниясымен бірлесіп 
ұйымдастырылған халықаралық қаржы институты Black Sea Trade and 
Development Bank (BSTDB)-тің онлайн презентациясы өтеді.

BSTDB — штаб-пәтері Грекияның Салоники қаласында орналасқан, Қара 
теңіз өңіріндегі 11 елді біріктіретін халықаралық даму банкі. Банк 
экономикалық ынтымақтастықты қолдайды, мемлекеттік және жеке секторды 
қаржыландырады, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарымен өзара 
ісқимылды дамытады. Онлайн кездесу аясында келесі тақырыптар 
ұсынылады:

- BSTDB инвестициялық стратегиясы

- Қаржыландырудың негізгі бағыттары

- Инвесторлармен ынтымақтастық мүмкіндіктері

- Банк өкілдерімен Q&A-сессия

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/TCIB/tcib_relizs_300426_331.pdf

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/TCIB/tcib_relizs_300426_330.pdf

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/TCIB/tcib_relizs_300426_332.pdf

[2026-04-30]