Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

05 мамырдан бастап "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00017911 (BTRKb32) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

05.05.2026 10:23 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 05.05.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік 
комиссиясы 2026 жылдың 28 сәуірінде "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық 
холдингі" АҚ (Астана) KZ2C00017911 (BTRKb32; 1 000 теңге, 100,0 млрд 
теңге; 370 күн; купон айналым мерзімінің соңында бір рет төленеді, 
облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу 
қорытындылары бойынша анықталатын болады; actual/365) 
облигацияларын негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE 
ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 05 мамырынан бастап 
күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы 
қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларды шығару 2025 жылдың 25 сәуірінде 2,0 трлн теңге 
сомасында тіркелген "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ 10-шы 
облигациялық бағдарламасы шеңберінде 15-ші болып табылады.

"Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі 
"Halyk Finance" АҚ болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/BTRKb32

[2026-05-05]