Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

06 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында екі атаудағы бағалы қағаздармен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

05.05.2026 14:55 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 05.05.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
06 мамырынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-
саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша мынадай бағалы 
қағаздармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:

1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 29 маусымына және одан кейінгі 
   күндерге келетін, The Global X Uranium ETF US37954Y8710 ("KASE 
   Global" секторы, URA_KZ) ETF, сауда саттық 2026 жылдың 
   01 шілдесінен бастап қайта басталады;

2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 15 мамырына және одан кейінгі 
   күндерге келетін, Exxon Mobil Corporation US30231G1022 ("KASE 
   Global" секторы, XOM_KZ) жай акциялары, сауда саттық 2026 жылдың 
   18 мамырынан бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі 
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 
көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді 
тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-05-05]