Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

05 мамырдан бастап "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ KZ2C00018059 (JSBNb13) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

05.05.2026 17:59 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 05.05.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік 
комиссиясы 2026 жылдың 05 мамырында Отбасы банкі" тұрғын үй 
құрылыс жинақ банкі" АҚ (Астана) KZ2C00018059 (JSBNb13; 1 000 теңге, 
100,0 млрд теңге; 5 жыл; жарты жылдық купон облигацияларды 
орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары 
бойынша аанықталатын болады; 30/360) әлеуметтік облигациялардың 
негізгі алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу 
туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 05 мамырынан бастап 
күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы 
қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларды шығару 2024 жылдың 04 шілдесінде 1,7 трлн теңге 
сомасында тіркелген "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ 
үшінші облигациялық бағдарламасы шегінде 12-ші болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/JSBNb13

[2026-05-05]