Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

06 мамырдан бастап "BASS Gold" ЖШС-ның KZ2P00018146 (FPSTb10) облигациялары KASE ресми тізіміне баламалы алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша енгізілді

06.05.2026 10:46 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 06.05.26/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) Басқармасы 2026 
жылғы 05 мамырда "BASS Gold" ЖШС-ның (Ұлытау обл.) KZ2P00018146 
(FPSTb10; $100, $2,0 млн; айналыс мерзімі 360 күн; тоқсандық купон, 
жылдық 10,50 %; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне баламалы 
алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы 
шешім қабылдады.

Аталған Басқарма шешімі 2026 жылғы 06 мамырдан бастап күшіне енеді.

Аталған облигациялармен KASE-де сауда-саттықтың ашылуы туралы 
қосымша хабарланатын болады.

Көрсетілген облигациялар шығарылымы туралы толығырақ ақпарат 
https://kase.kz/ru/investors/bonds/FPSTb10 сілтемесі бойынша жарияланған.

[2026-05-06]