KASE өз интернет-ресурсында Freedom Holding Corp. компаниясының Қазақстанның қызмет көрсету секторы бойынша сәуір айындағы PMI индексіне шолу жариялады
/KASE, 06.05.2026/ – Freedom Holding Corp. "Қазақстан қор биржасы" АҚ-қа
(KASE) Қазақстанның қызмет көрсету секторы бойынша 2026 жылғы сәуір
айына арналған іскерлік белсенділік индексіне (PMI) шолу ұсынды.
Төменде Freedom Holding Operations ЖШС экономикалық зерттеулер және
талдау бөлімінің басшысы Салтанат Мұхамбеталиеваның пікірі келтірілген:
"Қазақстанның қызмет көрсету секторы сәуір айында үш айлық төмендеуден
кейін күрт жеделдеуді көрсетті, іскерлік белсенділік индексі 53,9 деңгейіне
дейін өсті (+4,8 тармақ ай/ай), оған жаңа тапсырыстардың ұлғаюы ықпал
етті. Мұндай айлық күрт өсім жергілікті нарыққа тән емес және бұрын
негізінен шоктан кейінгі қалпына келу кезеңдерінде (пандемия және 2022
жыл) байқалған, бұл оны сақтықпен түсіндіруді талап етеді. Жақсару
шектеулі сипатқа ие және іргелі жағдайлардың өзгеруімен қатар жүрмейді,
бұл жұмыспен қамтудағы сақтықтың сақталуынан және қайта
құрылымдаудың күшеюінен көрінеді. Шығындарға инфляциялық қысым
қайта жеделдеп, қаңтардағы шегіне жақындады, драйверлер салық
факторларынан жалақы мен сатып алу бағаларының өсуіне қарай ауысты.
Белсенділіктің өсуі жылжымайтын мүлік секторында (ипотекалық
кредиттеудің +16% ж/ж өсуі ықпал еткен) және бизнес-қызметтерде
шоғырланған, ал тұтынушылық және көлік сегменттері әлсіз күйінде қалып
отыр. 12 айлық жақын болашақтағы болжал орташа оптимизм аймағында
және тарихи орташа деңгейден төмен деңгейде сақталады".
Қазақ тіліндегі шолу–
https://kase.kz/uploads/KZ_Services_KAZ_2604_PR_517f6a9cd7.pdf
Орыс тіліндегі шолу –
https://kase.kz/uploads/KZ_Services_RUS_2604_PR_e68198e6c9.pdf
Ағылшын тіліндегі шолу –
https://kase.kz/uploads/KZ_Services_ENG_2604_PR_10c0cefb99.pdf
[2026-05-06]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.