/KASE, 08.05.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы сәуірдің
қорытындысы бойынша акциялар нарығына қысқаша шолу ұсынады.
2026 жылғы сәуірдің соңындағы жағдай бойынша KASE-нің сауда-саттық
тізімдерінде 76 эмитенттің 89 атаудағы акциялары болды, олардың ішінде
екі эмитенттің екі атаудағы акциясы "Листингілік емес бағалы қағаздар"
секторында айналымға жіберілген.
2026 жылғы сәуірдің қорытындысы бойынша акциялар нарығының
капитализациясы 47,1 трлн теңге ($102,1 млрд) болды, бұл алдыңғы
айдың көрсеткішінен 0,8 трлн теңгеге немесе 1,7 % жоғары.
------------------------------------------------------------
2026 жылғы 2026 жылғы
30 сәуір 31 наурыз Δ Δ, %
----------------------- ---------- ---------- --------- ----
Капитализация, млрд KZT 47 145,2346 343,00 +802,23 +1,7
Капитализация, млн USD 102 145,4496 239,15 +5 906,29 +6,1
------------------------------------------------------------
2026 жылғы сәуірде акциялармен жасалған сауда-саттық көлемі 94,1 млрд
теңге болып, наурызға қарағанда 3,3 есе немесе 65,4 млрд теңгеге
ұлғайды. 1 күнде жасалған сауда-саттықтың орташа көлемі 4,3 млрд теңге,
мәмілелердің орташа күндік саны 8 685, бір мәміленің орташа көлемі 492,3
мың теңге болды. Сәуірде акциямен сауда-саттық тек қайталама нарықта
жүргізілді.
Қайталама нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттарының ішінде жеке
тұлғалар белсенділік танытты, олардың үлесі акциялармен жасалған
сауда-саттықтың брутто-айналымының 42,1%, банктердің үлесі 0,8 %,
брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесі 16,1%, басқа институттық
инвесторлардың үлесі 2,5%, басқа заңды тұлғалардың үлесі 38,6% болды.
Бейрезиденттердің үлесі – 10,6%.
Сәуірде KASE Индексінің мәні 1,4% өсіп, айдың соңында 7 842,91
тармақты құрады.
Индекстік акциялармен жасалған мәміле көлемі 2026 жылдың сәуірінде
91,9 млрд теңгені құрады, бұл наурыздағы көрсеткіштен 66,1 млрд теңгеге
көп. Сауда-саттықтың ең көп көлемі "Қазақтелеком" АҚ-тың жай
акцияларымен жасалып, көлемі 49 млрд теңге (индекстік акциялармен
жасалған сауда-саттықтың жалпы көлемінің 53,3%) болды.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Соңғы мәміленің бағасы, Сауда-саттық көлемі, Капитализация*,
бір акция үшін теңгемен млн теңге млрд теңге
Free Үлесі --------------------------------------------- -------------------------- ---------------
float, индекстегі, 01.01.26 бастап,
% %* 2026 жылғы 2026 жылғы Δ, % Δ, % сәуір наурыз Δ, % 30.04.26.
30 сәуір 31 наурыз
-------- ------ ----------- ---------- ---------- ------ ---------------- --------- --------- ------ ---------------
KSPI 33,514,839 950,0035 350,00 +13,01 -1,09 1 737,501 445,58 +20,197 611,87
KZAP 25,914,240 349,0037 920,00 +6,41 +43,803 509,943 225,35 +8,8210 356,70
KEGC 15,02,81 499,001 457,87 +2,82 -3,60 1 191,47803,45 +48,29411,06
HSBK 38,014,4391,34380,79 +2,77 +5,317 613,334 861,31 +56,614 272,22
CCBN 48,214,24 541,004 550,01 -0,20 -2,55 2 856,221 876,63 +52,20792,71
KMGZ 2,619,130 900,0031 700,00 -2,52 +42,2714 515,696 140,85 x2,4 18 585,85
KZTK 19,24,042 970,9844 325,00 -3,05 -0,97 48 962,21811,42 x60,3 460,83
KCEL 34,110,03 237,003 339,51 -3,07 -4,32 1 360,80945,27 +43,96645,13
AIRA 41,84,5669,01714,02 -6,30 -26,48 4 668,531 434,77 x3,3 237,40
KZTO 10,01,91 111,911 248,01 -10,91 +17,045 436,924 224,39 +28,70424,79
KASE – – 7 842,917 734,60 +1,4 +11,591 852,6025 769,02 x3,6 –
индексі
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
* артықшылықты акциялар есебімен компаниялардың капитализациясы
[2026-05-08]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.