Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

12 мамырдан бастап KASE-де екі атаудағы жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылады

08.05.2026 15:10 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 08.05.2026/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2026 жылғы 12 
мамырдан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық 
режімдерінде репо операциялары бойынша мынадай жай акциялармен 
сауда-саттық тоқтатылатыны туралы хабарлайды:

1) US02079K1079 (KASE "KASE Global" секторы, GOOG_KZ) ALPHABET 
   INC., есеп айырысуы 2026 жылғы 08 маусымға және одан кейінгі 
   күндерге келетін мәмілелер бойынша; сауда-саттық 2026 жылғы 10 
   маусымнан бастап қайта басталады;

2) US70450Y1038 (KASE "KASE Global" секторы, PYPL_KZ) PayPal Holdings 
   Inc., есеп айырысуы 2026 жылғы 04 маусымға және одан кейінгі 
   күндерге келетін мәмілелер бойынша; сауда-саттық 2026 жылғы 08 
   маусымнан бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" атты 
ішкі құжатының 13-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес аталған 
акциялар бойынша дивиденд төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы KASE-де 
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

[2026-05-08]