Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

12 мамырдан бастап KASE-де "TAS FINANCE GROUP" МҚҰ" (ТАС ФИНАНС ГРУПП)" ЖШС-ның KZ2P00018070 (MFTSb7) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

08.05.2026 15:22 · KASE торговая информация подписка новости kase ·
/KASE, 08.05.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 12 мамырда 
KASE-нің сауда-саттық жүйесінде "TAS FINANCE GROUP" МҚҰ" (ТАС 
ФИНАНС ГРУПП)" ЖШС-ның KZ2P00018070 (KASE негізгі алаңы, 
"коммерциялық облигациялар" санаты, MFTSb7) облигацияларын төменде 
көрсетілген талаптармен жазылу арқылы орналастыру (Астана қ. 
уақытымен) жүргізілетінін хабарлайды.

Көрсетілген облигацияларға жазылу жүргізілген кезде, сатушы "Halyk 
Finance" АҚ (бұдан әрі – Сатушы) болады.
---------------------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаз түрі:                            купондық облигациялар                    
ISIN:                                         KZ2P00018070                             
KASE сауда-саттық коды:                       MFTSb7                                   
Номиналды құны, АҚШ доллары:                  100                                      
Шығарылым көлемі, АҚШ доллары:                                                         
- тіркелген:                                  4 250 000                                
- орналастырылған (номиналы бойынша):         –                                        
Айналыс басталған күн:                        облигацияларды орналастыру бойынша       
                                              бірінші аяқталған аукцион өткізілген күн 
Айналыста болатын соңғы күн:                  кейінірек анықталады                     
Өтеу басталатын күн:                          кейінірек анықталады                     
Айналыс мерзімі:                              360 күн                                  
Купондық мөлшерлеме:                          жылдық 10,00%                            
Купон төленетін кезең:                        жылына 4 рет                             
Купон төлеу басталатын күн:                   кейінірек анықталады                     
Уақыттық базасы:                              30 / 360                                 
--------------------------------------------- -----------------------------------------
Жазылу жүргізілетін күн:                      12.05.26                                 
Орналастырудың номиналды көлемі, АҚШ доллары: 4 250 000                                
Сатып алуға берілген өтінім түрі:             шектелімді                               
Өтінім қабылданатын уақыт:                    10:00–12:00                              
Мәміле жасалған күн мен уақыт:                12.05.26, 14:30                          
Есеп айырысу жүргізілген күн мен уақыт:       12.05.26, 14:30                          
---------------------------------------------------------------------------------------

Осы жазылым жүргізу шарттарына сәйкес, аталған облигацияларды 
сатушыға ашып көрсетілетін инвестор туралы қосымша ақпарат тізіміне 
төмендегі кіреді:

1)жеке адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды 
  тұлғаның атауы;

2)жеке адамның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН.

Жазылуға қатысуға өтінімдер тек KASE-нің "қор" санатындағы мүшелері 
арқылы беріледі. KASE-нің санаттар бойынша бөліп көрсетілген 
мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған: 
http://kase.kz/ru/membership

Есеп айырысуды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүргізеді.

Бағалы қағаздарға жазылу жүргізу ережелері мына сілтеме бойынша 
жарияланған: http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf

Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме 
бойынша жарияланған: https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFTSb7

[2026-05-08]