"QazaqGaz" ұлттық компаниясы" АҚ Басқармасының құрамы өзгертілді
/KASE, 08.05.26/ – "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" АҚ-тың (KASE тикері – KZTG) Директорлар кеңесінің 2026 жылғы 28 сәуірдегі шешімімен Сатбаев Ә.-Ф.Б. қоғамның Басқарма құрамынан шығарылды. Енгізілген өзгерісті ескере отырып, "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" АҚ-тың Басқармасы жеті адамнан тұрады. Аталған ақпарат https://kase.kz/files/emitters/KZTG/kztg_board_changes_280426_1601.pdf сілтемесі бойынша орналастырылған. Начало формы