/KASE, 08.05.26/ – "Halyk Finance" АҚ (KASE тикері – HFIN) төмендегіні
хабарлады:
дәйексөздің басы
Halyk Finance "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-тың айналыс
мерзімі 7 жыл болатын, номиналды көлемі 500 миллион АҚШ долларын
құрайтын еурооблигацияларының сәтті орналастырылғанын хабарлайды.
Өтінімдер кітабы 2026 жылғы 28 сәуірде ашылды. Мәміле бойынша есеп
айырысу 2026 жылғы 06 мамырда жүргізілді. Halyk Finance "Бәйтерек" ҰБХ
еурооблигациялары шығарылымының жергілікті ұйымдастырушысы болды.
Қазақстан Республикасының аумағында өтінім жинау "Қазақстан қор
биржасы" АҚ-та (KASE) жазылу арқылы жүргізілді.
Еурооблигацияларды орналастыру халықаралық және қазақстандық
инвесторлар тарапынан жоғары сұраныспен қатар жүріп, ұсыныстан 1,6
еседен астам асты. Нәтижесінде өтеуге дейінгі кірістіліктің түпкілікті
мөлшерлемесі жылдық 5,375 %, купондық мөлшерлеме жылдық 5,2 %
болды.
"Бәйтерек" ҰБХ еурооблигацияларын орналастыру қорытындысы бойынша
KASE-де жазылу арқылы өтінім берген инвесторлардың өтінімдері 18 млн
АҚШ доллары номиналды көлемінде қанағаттандырылды.
"Бәйтерек" ҰБХ еурооблигациялары KASE-де және Вена қор биржасында
(Vienna MTF) листингіден өтті.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/HFIN/hfin_relizs_080526_1.pdf
[2026-05-08]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.