"QazaqGaz" ұлттық компаниясы" АҚ 29 сәуірде 10-жылдық XS3366268384 (KZTGe2) халықаралық облигацияларын орналастыра отырып, KASE-де жазылу арқылы $81,8 млн тартты
/KASE, 12.05.26/ – Бұрын хабарланғандай, 2026 жылғы 29 сәуірде "Қазақстан
қор биржасы" АҚ (KASE) сауда-саттық жүйесінде "QazaqGaz" ұлттық
компаниясы" АҚ-тың XS3366268384 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар"
санаты, KZTGe2) халықаралық облигацияларын оларға жазылу арқылы
бастапқы орналастыру жүргізілді. Төменде сұраным параметрлері мен KASE-
дегі жазылу нәтижесі көрсетілген.
KASE-де осы облигацияларға жазылуды өткізген кезде қазақстандық жетекші
менеджер және ұйымдастырушы ретінде "Halyk Finance" АҚ әрекет етті.
Ко-менеджер Freedom Broker болды.
---------------------------------------------------------
СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:
----------------------------------------------- ---------
Қатысушы саны: 4
Берілген өтінім саны (барлығы/белсенді): 18 / 7
оның ішінде:
– шектелімді: 17 / 6
– нарықтық: 1 / 1
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн АҚШ доллары, 91,9
оның ішінде:
– шектелімді: 91,7
– нарықтық: 0,2
---------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінім беру кезеңі аяқталған сәтте
сауда-саттыққа қатысушылар күшін жоймаған, оған
қоса Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.
Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 87,1 % банктердің, 3,3 % брокерлік-
дилерлік ұйымдардың, 9,5% өзге институционалдық инвесторлардың, 0,2%
басқа жеке адамдардың үлесіне тиеді.
ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕСІ:
------------------------------------------------------- ------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, облигация саны: 83 400 000
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, АҚШ доллары: 81 840 420,0
Қанағаттандырылған өтінімдердің саны: 5
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны: 3
Сатып алушы үшін облигациялардың өтеуге кірістілігі, 5,8750
жылдық %
Түпкілікті купондық мөлшерлеме, жылдық %: 5,625
--------------------------------------------------------------------
Орналастырған кезде инвесторлардың негізгі санаттары ішінде
облигациялардың жалпы көлемінің 95,9%-ын банктер, 3,6 %-ын брокерлік-
дилерлік ұйымдар, 0,2 %-ын басқа институционалдық ұйымдар, 0,2%-ын
басқа жеке адамдар сатып алған.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ дерегіне сәйкес KASE-нің
көрсетілген облигацияларына жазылым нәтижесі бойынша осы ақпаратты
жариялаған сәтте мәмілелер бойынша толық есеп айырысу жүргізілген,
жазылым аяқталды.
[2026-05-12]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.