Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

"QazaqGaz" Ұлттық компаниясы" АҚ XS1682544157, US48668NAA90 (KZTGe1) халықаралық облигацияларына қатысты тендерлік ұсынысқа мерзімінен бұрын қатысу және келісім сұрату бойынша соңғы мерзімде нұсқау алғаны туралы хабарлайды

12.05.2026 18:39 · KASE корпоративтік оқиғалар пресс-релизы новости эмитентов ·
/KASE, 12.05.26/ – "QazaqGaz" Ұлттық компаниясы" АҚ (KASE тикері – 
KZTG) төмендегіні хабарлады:

дәйексөздің басы

2026 жылғы 27 сәуірде "QazaqGaz" Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы 
(бұдан әрі – Ұсынушы) осымен 750 000 000 АҚШ доллары сомасындағы, 
жылдық 4,375 % мөлшерлемесімен және 2027 жылы өтелетін 
кепілдендірілген облигациялар (бұдан әрі – Облигациялар) ұстаушыларын 
(бұдан әрі – Ұстаушылар) шақыратыны туралы хабарлайды. Бұл 
Облигациялар Оферент тарапынан шығарылған және оларға Кепілгер (осы 
термин 2026 жылғы 27 сәуірдегі тендерлік ұсыныс және келісім сұрату 
туралы меморандумда (бұдан әрі – Меморандум) айқындалған мағынада) 
кепілдік береді. Төменде көрсетілген ұсынысқа және таратуға қолданылатын 
шектеулерді сақтай отырып, Оферентке өзіне тиесілі барлық облигацияны 
немесе олардың бір бөлігін Оферентке ақша қаражаты үшін сатуға ұсыну 
(бұдан әрі – Тендерлік ұсыныс) және бір мезгілде Облигациялар 
шығарылымының талаптарына және Облигациялар шығарылымын реттейтін 
сенімгерлік басқару шартына өзгеріс енгізуге келісім беру мақсатында 
төтенше шешім қабылдау (бұдан әрі – Төтенше шешім) (бұдан әрі – Ұсыныс, 
ал Тендерлік ұсыныспен бірге – Оферта) көзделеді.

Оферта Меморандумда белгіленген талаптарға және шарттарға сәйкес 
жүзеге асырылады. Меморандум көшірмелері өтінім қабылдау және 
дауыстарды есептеу агентінде қолжетімді, оның байланыс деректері 
төменде көрсетілген. Осы хабарламада бас әріппен жазылған және 
анықталмаған терминдер Меморандумда оларға берілген мағынада 
қолданылады. Мерзімінен бұрын қатысудың соңғы мерзімі – 2026 жылғы 12 
мамыр күні Нью-Йорк қаласы уақыты бойынша 17:00 жағдайына сәйкес – 
Оферент Облигацияларды ұсыну жөніндегі нұсқауларды және 
Облигацияларға қатысты дауыс беру жөніндегі нұсқауларды келесі көлемде алды:

...

Оферент Меморандумда белгіленген талаптар мен шарттарды сақтай 
отырып, 2026 жылғы 20 мамырда (i) мерзімінен бұрын қатысу соңғы 
мерзіміне дейін немесе сол сәтте тендерлік ұсыныс аясында сатып алуға 
дұрыс ұсынылған және қабылданған барлық Облигация бойынша жиынтық 
өтеу сыйақысын, есептелген пайызбен бірге, сондай-ақ (ii) мерзімінен бұрын 
келісім беру соңғы мерзіміне дейін немесе сол сәтте Ұсынысты қолдап дауыс 
беру жөніндегі нұсқаулар алынған Облигациялар бойынша мерзімінен бұрын 
келісім беру үшін сыйақыны төлеуді жүзеге асырады деп күтеді.

Егер Оферта Меморандумда көзделген тәртіппен ұзартылмаса немесе 
мерзімінен бұрын тоқтатылмаса, Тендерлік ұсыныстың қолданылу мерзімі 
2026 жылғы 26 мамыр күні Нью-Йорк қаласы уақыты бойынша 17:00-де 
аяқталады.

Облигацияларды өтеуге ұсынусыз ғана Ұсынысқа келісім беретін 
Ұстаушылар өздерінің дауыс беру жөніндегі нұсқауларын 2026 жылғы 15 
мамыр күні Нью-Йорк қаласы уақыты бойынша 17:00-ге дейін ұсынуға құқылы.

дәйексөздің соңы

Осы ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған: 
https://kase.kz/files/emitters/KZTG/kztg_relizs_120526_2.pdf

[2026-05-12]