/KASE, 14.05.26/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) былай деп
хабарлады:
дәйексөздің басы
Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Астана қаласы, Есіл ауданы,
Достық көшесі, 8/1 мекенжайы бойынша орналасқан "ForteBank" акционерлік
қоғамы (Мемлекеттік қайта тіркеу туралы 2015 жылғы 10 ақпандағы
анықтама) (бұдан әрі – Банк) осы арқылы Қазақстан Республикасының
"Акционерлік қоғамдар туралы" Заңының 16-бабына сәйкес, өз
акционерлеріне олардың жай акцияларды сатып алуға басым құқығына
сәйкес, шығарылымын Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі 2015 жылғы 19 наурыздағы № A4031 нөмірімен
тіркеген, Банктің орналастыратын жай акцияларын (ISIN KZ000A0F4546)
сатып алуды ұсынады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы
29 қазандағы № 253 қаулысында бекітілген Акционерлік қоғам
акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен иелену құқығын іске
асыру қағидаларын бекіту туралы және одан бас тарту қағидаларының
талаптарын орындау мақсатында Банк өз акционерлеріне келесі ақпаратты
хабарлайды:
1. Сатылатын бағалы қағаздардың саны мен түрі – Банктің 4 168 359 147
жай акциясы.
2. Орналастырылған (қоғамның сатып алған акцияларын шегергенде) жай
акциялар санының сатылатын жай акциялар санына қатынасы – 22,12 :
1 (бұдан әрі – коэффициент). Акционерлердің басым сатып алу құқығы
шеңберінде сатып алуға құқылы акцияларының саны тізілім тіркелген
күні олардың меншігіндегі жай акциялар санын коэффициентке бөлу
арқылы айқындалады. Сатып алуға жататын үлесті есептеу кезінде
бөлшек мәндер бүтін санға дейін аз жағына қарай дөңгелектенеді.
3. Сатылатын жай акцияларды сатып алуға басым құқығы бар
акционерлер тізімі "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ бағалы
қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесінің деректері негізінде
2026 жылғы 12 мамыр күні 00 сағат 00 минутта (бұдан әрі – "Тізілімді
тіркеу күні") тіркелді".
4. Акционер сатып алудың басым құқығына сәйкес сатылатын жай
акцияларды сатып алуға өтінім бере алатын мерзім осы ұсыныс
жарияланған күннен кейін күнтізбелік 30 күнді (2026 жылғы
12 маусымды қоса алғанда) құрайды (бұдан әрі – "Мерзім").
5. Сату бағасы – Банктің 1 жай акциясы үшін 12,80 теңге (бұдан әрі –
"Сату бағасы"). Сату бағасы осы сату шегінде Банктің жай акцияларын
сатып алатын барлық тұлға үшін бірыңғай болып табылады.
дәйексөздің соңы
Қазақ және орыс тілдеріндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы
орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_information_130526.pdf
[2026-05-14]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.