Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

28 мамырға тағайындалған "Нұрбанк" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін толықтыру туралы хабарлама

14.05.2026 17:15 · KASE корпоративтік оқиғалар собрания (уведомления о проведении) новости эмитентов ·
/KASE, 14.05.26/ – "Нұрбанк" АҚ (KASE тикері – NRBN) 2026 жылдың 
28 мамырына тағайындалған акционерлердің жылдық жалпы жиналысының 
күн тәртібінің толықтырылғаны туралы хабарлайды.

Толықтыруды ескере отырып, жиналыстың күн тәртібі:

1) акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту 
   туралы;

2) банктің 2025 жылға жеке (шоғырландырылмаған) жылдық аудиттелген 
   қаржылық есептілігін бекіту туралы;

3) банктің 2025 жылға шоғырландырылған жылдық аудиттелген қаржылық 
   есептілігін бекіту туралы;

4) банктің 2025 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы, жай 
   акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы және банктің бір жай 
   акциясына есептегенде 2025 жылға дивидендтер мөлшері туралы шешім 
   қабылдау туралы;

5) банк акционерлерін 2025 жылдағы Директорлар кеңесі мүшелеріне және 
   банктің Басқарма мүшелеріне сыйақының мөлшері мен құрамы туралы 
   хабардар ету туралы;

6) Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу мөлшері мен 
   шарттарын анықтау туралы;

7) акционерлердің банктің, оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне 
   шағымдары және оларды 2025 жылы қарау қорытындылары туралы;

8) банктің Директорлар кеңесі туралы қағидаға № 1 өзгертулерді бекіту 
   туралы;

9) тәуелсіз директорлардың тәуелсіздік талаптарына сәйкестігі туралы 
   есепті қарау туралы;

10) банктің Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын 
    тоқтату және шығып қалған мүшенің орнына банктің Директорлар 
    кеңесінің жаңа мүшесін сайлау туралы.

Жиналысты өткізу туралы ақпарат – 
https://kase.kz/files/emitters/NRBN/nrbn_meeting_new_info_280526_5085.pdf

[2026-05-14]