Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

18 мамырдан бастап "Aidarly Project (Айдарлы Проджект)" АҚ KZ1C00014562 (ADRP) жай акциялары олардың эмитентінің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен шығарылады

15.05.2026 12:59 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 15.05.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингтік комиссиясының 
2026 жылдың 15 мамырындағы шешімімен KASE ресми тізімінен "Aidarly 
Project (Айдарлы Проджект)" АҚ KZ1C00014562 (KASE баламалы алаңы, 
"акциялар"секторы, ADRP) жай акциялары алынып тасталды.

Листингтік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 18 мамырынан бастап 
күшіне енеді.

Бұл шешім "Aidarly Project (Айдарлы Проджект)" АҚ-ның KASE ресми 
тізімінен көрсетілген акцияларды ерікті түрде делистингтеу туралы өтініші 
негізінде қабылданды.

Аталған акциялар 2022 жылдың 14 қыркүйегінен бастап KASE ресми 
тізімінің баламалы алаңының "акциялар" секторына енгізілді. Олармен 
сауда-саттық 2022 жылдың 21 қарашасынан бастап ашылды.

[2026-05-15]