Нарық
26.11.2026

01 желтоқсаннан бастап KZGB_CPm1m және KZGB_DPm1m индекстерін есептеуде қолданылатын өкілдік тізім 55 атаудағы мбқ-дан тұратын болады

27.11.2026 10:32 · KASE индекстер мен индикаторлар индексы серии kase_b* новости kase
БөлісуTelegramWhatsApp
/KASE, 27.11.26/ – 2026 жылғы 01 желтоқсаннан бастап KZGB_CPm1m және KZGB_DPm1m индекстерін есептеуде қолданылатын өкілдік тізім Қазақстан Республикасының 55 атаудағы мемлекеттік бағалы қағаздарынан (МБҚ) тұратын болады.

Қазақстан қор биржасы (KASE) Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесіне сәйкес мынадай индекстерді есептейді және жариялайды:

1) KZGB_CPm1m (more than one month) – өтеу мерзімі 31 күн және одан астам болатын МБҚ бойынша есептелген, жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмайтын бағалар бойынша есептелетін "таза" бағалардың баға индексі;

2) KZGB_DPm1m – өтеу мерзімі 31 күн және одан астам болатын МБҚ жиынтық кірісінің (есептелген, төленген купондық төлемді ескере отырып) баға индексі;

3) KZGB_Ym1m – жылдық пайызбен көрсетілетін кірістілік көрсеткіші;

4) индекстің жылдармен көрсетілген дюрациясы;

5) индекстің модификацияланған дюрациясы.

Аталған индекстерді есептеу үшін 2026 жылғы желтоқсандағы өкілдік тізім 2026 жылғы 26 қарашада кешкі уақытта қалыптасқан МБҚ параметрлерін (осы тізім күшіне енетін күннен үш жұмыс күні бұрын) ескере отырып қалыптастырылды.

Өкілдік тізім 2026 жылғы 01 желтоқсанда https://kase.kz/ru/stock_market/ бетінде (KZGB_CPm1m немесе KZGB_DPm1m бөлімі) жарияланады.

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz