Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

18 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында АҚШ-тың US01609W1027 (BABAd) депозитарлық қолхаттарымен сауда-саттық тоқтатылады

15.05.2026 14:57 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 15.05.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
18 мамырынан бастап есептесу күні 2026 жылдың 11 маусымына және одан 
кейінгі күндерге келетін, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық 
тәртіптемесінде репо операциялары бойынша базалық активі Alibaba Group 
Holding Ltd. жай акциялары болып табылатын US01609W1027 ("KASE 
Global" секторы, BABAd) американдық депозитарлық қолхаттармен KASE-де 
сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.

KASE-де көрсетілген депозитарлық қолхаттармен сауда-саттық 
2026 жылдың 15 маусымынан бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі 
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 
көрсетілген депозитарлық қолхаттар бойынша дивидендтер төлеу үшін 
тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

[2026-05-15]