Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

2026 жылдың 28 мамырында "ҚазТрансОйл" АҚ акционерлері 2025 жылға дивидендтер төлеу туралы мәселені қарайды

18.05.2026 09:57 · KASE корпоративтік оқиғалар пресс-релизы новости эмитентов ·
/KASE, 18.05.26/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп 
хабарлады:

дәйексөздің басы

"ҚазТрансОйл" АҚ-тың интернет-ресурсында 
( https://kaztransoil.kz/kz/akcionerler_men_investorlarga/akcionerlerdin_zhalpi_zhinalisi/
) 2026 жылғы 28 мамырға тағайындалған «ҚазТрансОйл» АҚ 
акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысының материалдары жарияланды.

Атап айтқанда, "ҚазТрансОйл" АҚ-тың 2025 жылға арналған таза табысын 
бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы 
шешім қабылдау және бір жай акцияға есептелген дивиденд мөлшерін 
бекіту мәселесі бойынша акционерлердің жылдық Жалпы жиналысында 
төмендегіні бекіту ұсынылады:

- 2025 жылдың қорытындысы бойынша алынған 56 606 539 000 теңге 
  мөлшеріндегі таза табысты бөлудің келесі тәртібі: 45 386 115 682 теңге 
  сомасын дивидендтер төлеуге бағыттау, ал қалған 11 220 423 318 
  теңгені бөлмей, "ҚазТрансОйл" АҚ-тың иелігінде қалдыру;

- 2025 жылға арналған бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерін 
  118 теңге көлемінде бекіту.

2025 жылдың қорытындысы бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ-тың жай 
акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімі 
2026 жылғы 5 маусым сағат 00:00-дегі жағдай бойынша тіркелсін.

2025 жылдың қорытындысы бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ-тың жай 
акциялары бойынша дивидендтер төлеудің басталу күні 2026 жылғы 11 
маусым болып белгіленсін.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_180526_kz.pdf

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_180526_1.pdf

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_180526_eng.pdf

[2026-05-18]