Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

19 мамырдан бастап "Бухта "МҚҰ" ЖШС KZ2P00017346 (MFBHb2) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады

18.05.2026 15:56 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 18.05.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
19 мамырынан бастап "Бухта "МҚҰ" ЖШС KZ2P00017346 (KASE баламалы 
алаңы, "облигациялар" санаты, MFBHb2; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 
14.05.26 – 14.05.28; жартыжылдық купон, жылдық 23,00%; 30/360) 
облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатын 
болады.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу 
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының 
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – 
қазақстандық теңге.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFBHb2

[2026-05-18]