Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

26 мамырдан бастап KASE-де NVIDIA Corp. компаниясының US67066G1040 (NVDA_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылатын болады

25.05.2026 14:57 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 25.05.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 26 мамырдан 
бастап KASE-де NVIDIA Corp. компаниясының орталық контрагенттің 
қатысуымен өткізілетін сауда-саттық режимдеріндегі, есеп айырысу күні 
2026 жылғы 04 маусымға және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін репо 
операциялары бойынша US67066G1040 ("KASE Global" секторы, NVDA_KZ) 
жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.

Биржадағы осы акциялармен сауда-саттық 2026 жылғы 08 маусымнан 
бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты 
ішкі құжатының 13-бабы 1-тармағы 12) тармақшасына сәйкес KASE-де осы 
акциялар бойынша дивиденд төлеу тізілімі тіркелгені туралы ақпараттың 
болуына байланысты тоқтатылды.

[2026-05-25]