Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

"ҚазТрансОйл" АҚ 2026 жылғы 1 шілдеден бастап мұнайды магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау қызметтеріне тарифтердің өзгеретінін хабарлайды

25.05.2026 15:12 · KASE корпоративтік оқиғалар пресс-релизы новости эмитентов ·
/KASE, 25.05.26/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) келесіні 
хабарлады:

дәйексөздің басы

"ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының (Басқарма төрағасының) 2026 жылғы 
22 мамырдағы №34 бұйрығымен экспорттық нарыққа магистральдық 
құбырлар арқылы мұнай тасымалдау бойынша кейбір реттелетін 
қызметтердің тарифтері бекітілді.

2026 жылғы 1 шілдеден бастап тарифтер келесідей болады:

Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясындағы теміржол 
 цистерналарына мұнай құю – 1 тонна үшін 1 292,51 теңге (ҚҚС-сыз), 
 79,31 теңгеге немесе 6,5% өсті;

Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясында Каспий құбыр 
 консорциумы жүйесіне мұнайды қыздыра отырып ауыстырып тиеу 
 бойынша – 1 тонна үшін 500,10 теңге (ҚҚС-сыз), 180,01 теңгеге немесе 
 56,2% өсті;

қазақстандық мұнайды басқа мемлекеттердің құбыр жүйелері арқылы 
 тасымалдауды ұйымдастыру бойынша (бірыңғай маршруттау бойынша 
 операторлық қызмет) – тоннасына 120,34 теңге (ҚҚС-сыз), 35,87 теңгеге 
 немесе 42,5% өсті.

Айта кету керек, жоғарыда аталған қызметтердің тарифтері 2023 жылдан 
бері қайта қаралмаған.

дәйексөздің соңы

Баспасөз мәлімдемесінің қазақ тіліндегі толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/4171-20260525-press-reliz.pdf

Баспасөз мәлімдемесінің орыс тіліндегі толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_250526_1.pdf

Баспасөз мәлімдемесінің ағылшын тіліндегі толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_250526_eng.pdf

[2026-05-25]