/KASE, 26.05.26/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасы (KASE) сауда-саттық жүйесінде Азия даму банкінің XS3389795926
халықаралық облигацияларын төменде келтірілген шарттарда (Астана
қ.уақыты) оларға жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілетінін
хабарлайды.
Көрсетілген облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Tengri Partners
Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді.
-------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі: халықаралық облигациялар
ISIN: XS3389795926
------------------------------------ ------------------------
Жазылу күні: 26.05.26
Орналастырудың номиналды көлемі, 20 000 000 000
теңге:
Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді және нарықтық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–12:00
Мәмілелер жасалған күн мен уақыт: 26.05.26, 15:00
Есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен 02.06.26, 10:00
уақыты:
-------------------------------------------------------------
Облигациялардың жиынтық номиналды көлемі алдын ала болып табылады
және аталған жазылым бастамашысының хабарламасы бойынша өзгертілуі тиіс.
Баға ретінде өтінімде купон мөлшерлемесінің мәні екінші ондық таңбаға
дейінгі дәлдікпен жылдық пайызбен көрсетілуі тиіс.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде теңгемен номиналды көлемі
көрсетілуі тиіс. Лот бір облигацияға тең, өтінімнің минималды көлемі
1 000 теңгені құрайды.
Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды
сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне жеке
тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы
кіреді.
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер тек "қор" санатындағы KASE мүшелері
арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі мына
сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/ru/members/membership/all
Есеп айырысуларды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге
асырады.
Бағалы қағаздарға жазылу ережелері мына сілтеме бойынша жарияланған
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf
[2026-05-26]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.