Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

Қазақстан қор биржасы 2026 жылдың 28 мамырында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлайды

28.05.2026 15:29 · KASE новости kase пресс-релизы, различные уведомления биржи корпоративтік оқиғалар ·
/KASE, 28.05.26/ – Қазақстан қор биржасы (бұдан әрі – Биржа) 2026 жылдың 
28 мамырында Биржа акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткенін 
хабарлайды, онда мынадай шешімдер қабылданды:

1. Биржаның 2025 жылдағы қызметі туралы есеп назарға алынсын.

2. KASE Тобының 2025 жылға Орнықты дамуы туралы есебі назарға 
   алынсын.

3. Биржаның 2025 жылға жеке және шоғырландырылған жылдық 
   қаржылық есептілігі Тәуелсіз аудитордың аудиторлық есептерімен 
   бекітілсін.

4. Биржаның 2025 жылдағы таза кірісі (пайдасы) 15 298 263 мың теңге 
   мөлшерінде былайша бөлінсін:

  4 589 483 743,47 теңге Биржа акционерлеріне дивидендтер төлеуге 
  бағытталсын;

  10 708 779 256,53 теңге Биржаның және "KASE Клиринг орталығы" АҚ 
  резервтік қорларын дамытуға және қалыптастыруға, сондай-ақ басым 
  жобаларды іске асыруға бағытталсын.

  Биржаның бір жай акциясына есептегендегі дивиденд 4 268,37 теңге 
  мөлшерінде анықталсын.

5. "BDO Kazakhstan" ЖШС Биржаның 2026 жылға жылдық қаржылық 
   есептілігіне аудит жүргізу мақсатында Биржаның аудиторлық ұйымы 
   болып белгіленсін.

6. Биржаның Директорлар кеңесі мен Басқармасы мүшелерінің 
   2025 жылға сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға 
   алынсын.

7. 2025 жылдағы жұмыс қорытындысы бойынша Биржаның Директорлар 
   кеңесінің мүшелеріне жылдық сыйлықақы төленсін.

8. Биржа Жарғысына енгізілетін № 9 өзгертулер мен толықтырулар 
   бекітілсін.

9. 2025 жылы акционерлердің Биржаның және оның лауазымды 
   адамдарының қызметіне оның қызметі мәселелері бойынша 
   шағымдарының болмауы туралы ақпарат назарға алынсын.

[2026-05-28]