/KASE, 28.05.26/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп
хабарлады:
дәйексөздің басы
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Тұран
даңғылы, 20 ғимарат, 12 тұрғын емес үй мекенжайында орналасқан
"ҚазТрансОйл" АҚ 28 мамырда "ҚазТрансОйл" АҚ акционерлерінің жылдық
жалпы жиналысында 2026 жылға арналған "ҚазТрансОйл" АҚ (ISIN
KZ1C00000744) жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім
қабылдап, бірқатар жұмыстарды бекітті:
1. "ҚазТрансОйл" АҚ-тың 2025 жылдың қорытындысы бойынша алынған
56 606 539 000 (елу алты миллиард алты жүз алты миллион бес жүз
отыз тоғыз мың) теңге мөлшерінде таза кірісін бөлудің мынадай тәртібі
бекітілді:
- дивидендтер төлеуге 45 386 115 682 (қырық бес миллиард үш жүз
сексен алты миллион бір жүз он бес мың алты жүз сексен екі) теңге
мөлшерінде сома жіберілсін
- 11 220 423 318 (он бір миллиард екі жүз жиырма миллион төрт жүз
жиырма үш мың үш жүз он сегіз) теңге сомасында қалған таза кірісті
бөлмей "ҚазТрансОйл" АҚ иелігінде қалдыру;
2. «ҚазТрансОйл» АҚ бір жай акциясына есептегенде 2025 жылғы дивиденд
мөлшері 118 (жүз он сегіз) теңге.
2025 жылдың қорытындысы бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ жай акциялары
бойынша дивидендтер алуға құқығы бар «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің
тізімі 2026 жылғы 5 маусым сағат 00:00-де жасақталады.
2025 жылдың қорытындысы бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ жай акциялары
бойынша дивидендтерді төлеудің басталу күні – 2026 жылдың 11 маусымы.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/6558-20260528-press-reliz.pdf
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_280526_1_ru.pdf
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы –
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_280526_eng_1.pdf
[2026-05-28]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.