01 маусымнан бастап kase_bm* сериялы индекстердің өкілдік тізімі 77 атаудағы облигациялардан тұратын болады
/KASE, 01.06.26/ – Қазақстан қор биржасының Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеті (KASE) Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесіне (Әдістеме) сәйкес 2026 жылдың 01 маусымынан бастап KASE_BM* сериясының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімге мынадай облигацияларды қосу туралы шешім қабылдады: 1) "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00014041 (BTRKb26); 2) "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ KZ2C00015857 (IDFRb8); 3) "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ KZ2C00016822 (JSBNb10); 4) "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ KZ2C00016806 (JSBNb9); 5) "ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00017093 (KAFIb19). Аталған облигациялар Әдістеменің барлық талаптарына сәйкес келеді. Әдістемеге сәйкес KASE үш айда бір рет KASE_BM* сериясының негізгі алаңының қор нарығының индикаторларын: KASE_BMC таза баға индексін және KASE_BMY кірістілік индикаторын есептеу үшін өкілдік тізімді қайта қарайды. 2026 жылдың 01 маусымынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 77 атаудағы облигациялардан тұратын болады. Көрсетілген тізімді KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша көруге болады http://kase.kz/ru/stock_market/kase_bonds/KASE_BMC/ Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша қолжетімді http://kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf [2026-06-01]